Туындыларды пайдаланған кезде баспалармен авторлардың құқықтарын сақтау



2011 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті авторлық құқықтарын қорғау мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, Байланыс және ақпарат министрлігінің, «Фолиант» Баспасы» ЖШС, «Алматыкітап Баспасы» ЖШС, «Арман-ПВ» Баспасы» ЖШС, «Корпорация «Атамұра» ЖШС, «Издательство «Раритет» ЖШС, «Балалар әдебиеті» ЖШС, «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Казконтент» АҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» талқыланған негізгі тақырып авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу процедурасы, авторлар мен баспалар арасындағы авторлық шарттар жасасу талаптары, сондай-ақ туындыларға айрықша құқықтарды иеленуді растау мәселелері.

Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының орынбасары Ш.Т. Әбдіреева өз баяндамасында «авторлар мен баспалар бір-бірімен тығыз байланысты, нақтырақ айтқанда бір-біріне тәуелді. Тәуелділік авторлар мен баспалардың бір-бірінсіз бола алмауында. Авторлар баспаларға өздері немесе шақыру бойынша келеді. Олардың қарым-қатынастарында маңыздысы, екі тарап үшін де үлкен мәні бар авторлық шарт жасасу.

Туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарды беру айрықша немесе айрықша емес мүліктік құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Мүліктік құқықтарды қалай да болсын беру автордың және мүліктік құқықтар берілетін адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресімделуге тиіс.

Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібімен Комитеттің авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы З.П. Кенжебек таныстырды.

Өз кезегінде Комитеттің авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бастығы Г.Қ. Кәкен баспалар туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін материалдарды беру кезінде жіберетін қателеріне тоқталып өтті.

Баспалардың өкілдері құқықтарға иелігін растау үшін мемлекеттік органдар мен оқу мекемелеріне авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін ұсынудың және Комитетте туындыларға өздерінің айрықша мүліктік құқықтарын тіркеудің тиімсіздігін атап өтті.

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етілмейді.

«Дөңгелеу үстелдің» нәтижесі бойынша қатысушылар берілген түсініктеме үшін алғыс білдіріп, Комитетке келесіні ұсынды:

1) автор мен баспа арасында жасалатын мүліктік құқықтарды беру туралы шарттың үлгі нысанын әзірлеп Комитеттің сайтында жариялау;

2) Білім беру департаменттеріне туындыларға айрықша мүліктік құқықтарға иеленуді растау мәселесіне қатысты хаттар жолдау мүмкіндігі туралы мәселені қарау.

http://www.intellkaz.kz

Comments

Жаңа комментарий жазу

The content of this field is kept private and will not be shown publicly.
CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.