Қоғам туралы
Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы республикалық қоғамдық бірлестігі орындаушылармен фонограмма өндірушілер Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен кепілденген сабақтас құқықтарының қорғалуын практика жүзінде іске асыру мен қорғау үшін ашылған коммерциялық емес қоғамдық бірлестік.
Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы еркін және теңдік мүшелік, демократиялық өзін-өзі басқару принциптерін негізге ала отырып әрекет жасайды. Біздің ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық жер аумағында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен және 2008 жылдың 29 сәуірінде Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитеті тіркелген Жарғысының негізінде өз қызметін жүзеге асырады.
2009 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы Қазақстандағы құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын Қазақстан республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінде орындаушылардың және фонограмма өндірушілердің көпшілік алдында орындалуы үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік аккредитация алған.
2010 жылдың 26 мамырынан Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы 1986 жылы құрылған Брюсселдегі штаб-пәтері бар орындаушылардың құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын халықаралық қоғамдырдың кеңесі «SCAPR»-ға мүше болды.
Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы коммерциялық қызметтті іске асырмайды және жеке қоғам болып табылмайды. Қоғам өзіне Қазақстан Республикасы аумағында 200-ден астам орындаушылармен фонограмма шығарушыларды, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Өзбекістан Республикасы, Украина Республикасы, Сербия Республикасы, Грек Республикасы және Қырғыз Республикасы (Беларусь Республикасымен шартқа қол қою сатысында).
Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамының негізгі мақсаты – ұжымдық негізде құқықтарының қорғалуын, сабақтас құқық жүйелілігін қалыптастыра отырып осы салада ұжымдық мүдделер мен қоғамдық игіліктерге қол жеткізу болып табылады.


