Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
2011 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ және Қазақстанның Интернет қауымдастығымен бірге « Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері » тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Интернет-қауымдастықтың, ЖОО-ның, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың, «Авторлық және аралас құқықтарды қорғау жөніндегі қазақстандық қауымдастығы» ЗТҰ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазконтент» АҚ, «ЮрИнфо» ЖШС, «Аудио-Видео-Меломан» ЖШС, «Kaztag» ЖШС өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Интернет желісіндегі зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелерін талқылау.
Кіріспе сөз Комитет төрайымы Л.С. Стамбековаға және «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЗҒА академигі Ж.Д. Бұсырмановқа берілді.
Өз сөзінде Комитет Төрайымы Л.С. Стамбекова ғылыми-техникалық прогресстің дамуы зияткерлік меншік объектілерін пайдаланудың түрлі тәсілдері мен жолдарын қалыптастырды. Енді өнертабыс халыққа қол жетімді болуы үшін бөлшек сауда арқылы тираждау және тарату міндетті емес. Оның Интернет желісіне енуі жеткілікті және бұл өнертабыспен оқырмандардың көпшілігі таныса алады деп атап өтті.
Ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың өзектілігі туралы дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы атап өтті.
Интернет-қауымдастық, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазконтент», АҚ «ЮрИнфо» ЖШС, «Аудио-Видео-Меломан» ЖШС, «Kaztag» ЖШС өкілдері Интернет желісіндегі пайдалану мен орналастыру кезінде әдеби және музыкалық шығармалардың, фильмдер мен бағдарламалық қамтамасыз ету авторларының құқықтарын сақтау қажеттігін бір ауыздан қолдады.
Авторлық құқық және аралас құқық объектілерін санкциясыз пайдаланғаны үшін, сонымен қатар ұялы телефонды немесе басқа да мүлікті ұрлағаны сияқты қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін. Авторлардың құқықтарын бұзу фактілеріне жол бермеу және заңсыз пайдалануға шыдамсыздықпен қарауды тәрбиелеу мақсатында пайдаланушылармен құқық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан басқа зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қолданылуда.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар жағдайында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жағдайын жақсарту мақсатында ұсынымдар қабылдады.






Comments
Жаңа комментарий жазу