"Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару" халықаралық семинардың екінші күні
2011 жылғы 31 наурызда құқықтарды ұжымдық басқару мәселесін талқылау жалғасын тапты.
Қайта шығару құқықтары жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының аға юрисконсульты, И. Рибакуа ханым өзінің баяндамасында репрографиялық қайта шығаруға мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару және жаңа сандық технологиялар: жаңа бизнес үлгілерін, сандықтау бойынша еуропалық жобалар құрудың жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері және кітапханаларға авторлық құқықты ұсыну мәселелеріне тоқтады.
SORECOP-COPIE Бас хатшысы, Ш.-А. Лоньон мырза «Қайта шығаруға дыбыстау- дыбыстау бейнелеу құқықтарын (жеке көшірме жасау) ұжымдық басқару: қағидаттар, ролі, операцияның түрлі үлгілері» тақырыбында баяндама жасады.
Ресей авторлар қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, Ресей құқық иеленушілері одағының атқарушы директоры В.М. Осиповтың баяндамасы Біріңғай Экономикалық Кеңістіктің қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншікті қорғау бойынша өзара іс-әрекеті, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауын реттеу саласында бірыңғай қағидаттарды ұстану мәселелеріне арналды.
2010 жылдың аяғында қол қойылған Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім шеңберінде осы келісім күшіне енгенге дейін құқықтарды ұжымдық басқарудың бірыңғай тәртібі, оның ішінде жеке мақсатта фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын еркін қайта шығарғаны үшін сыйақы алу құқығын жүзеге асыру, қорғалатын авторлық және сабақтас объектілері туралы ақпараты бар деректер қорымен ақпараттық алмасуды ұйымдастыру, Біріңғай Экономикалық Кеңістік елдерінің ұжымдық басқару ұйымдарының қызметін үйлестіру органын құру шарттар жасасу көзделген.
«Біріңғай Экономикалық Кеңістік жағдайында жеке мақсатта фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын еркін қайта шығарғаны үшін сыйақы алу құқығын жүзеге асыру Біріңғай Экономикалық Кеңістікке қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, сондай-ақ әр мемлекетте авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының тығыз өзара іс-әрекет жасауын талап етеді.
Бірінші кезеңде жеке мақсатта фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын еркін қайта шығарғаны үшін сыйақы алу құқығын жүзеге асыру процессінің барлық мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өзара іс-әрекет жасаудың бірыңғай қағидаттары мен механизмін келісу қажет. Келісілген қағидаттар осы саладағы нормативтік реттеудің негізін құру қажет, және де құқық иеленушілердің мүдделерін жүзеге асыруының негізін құруға тиіс.» - деп В.М. Осипов мырза атап өтті.
«Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Бас директоры Б.Т. Айдарбеков мырза және «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Бас директоры Д.Ә. Әзімхан мырза баяндамаларында Қазақстан Республикасындағы авторлардың құқықтарын ұжымдық басқарудың көкейкесті мәселелеріне тоқталды.
Екі күндік семинар барысында авторлық құқық және ұжымдық басқару мәселелері, заманауи міндеттер және заңнамадағы соңғы өзгерістер, баспалық істе мәтіндік және бейне жұмыстарында құқықтарды басқару, дыбыстау-, дыбыстау бейнелеу туындыларын репрографиялық қайта шығару бойынша, сондай-ақ Біріңғай Экономикалық Кеңістіктің қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншікті қорғау бойынша өзара іс-әрекеті мәселелері қаралады.






Comments
Жаңа комментарий жазу