Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару халықаралық семинар
2011 жылғы 30 наурызда Астана қаласында екі күндік «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбында халықаралық семинар өтуде.
Халықаралық семинарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен бірігіп, Авторлар мен композиторлар қоғамдарының халықаралық конфедерациясының және Қайта шығару жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының ынтымақтасуымен, «Абырой» авторлық қоғамы» және «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктерінің және «Ұлттық репрографиялық құқықтар жөніндегі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Тапашұлы Аманбаев мырза, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі басқарманың жоба басшысы (ДЗМҰ), Женева қ. Сауле Январбековна Тлевлесова ханым, Авторлар мен композиторлар қоғамдарының халықаралық конфедерациясының Еуропа мәселелері жөніндегі директор (СИЗАК), Париж қ. Митко Чаталбашев мырза, Қайта шығару құқықтары жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының аға юрисконсульты (ИФРРО), Брюссель қ. Ингрид де Рибакуа ханым алғы сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаев сөзінде халықаралық семинарды өткізу Зияткерлік меншік құқығы комитетінің құрылуының 10-жылдығына сәйкес келгенін атап өтті.
«10 жыл ішінде Комитет негізгі халықаралық актілерге сәйкес келетін ұлттық заңнаманы қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарды.
Біріңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыруға және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуі бойынша келіссөздер өткізуге байланысты зияткерлік меншікті барабар қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.
Мемлекеттік органдардың декларативті нормалар қабылдау жеткіліксіз, олар тиімді жұмыс істеу қажет.» екенін Ә.Т. Аманбаев алғы сөзінде атап өтті.
Авторлық құқық және мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы ДЗМҰ қызметі туралы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі басқарманың жоба басшысы, С.Я. Тлевлесова ханым баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Л.С. Стамбекова ханым Қазақстандағы авторлық құқық және мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару мәселесіне семинарға қатысушылардың назарын аударды.
М. Чаталбашев мырза, Авторлар мен композиторлар қоғамдарының халықаралық конфедерациясының Еуропа мәселелері жөніндегі директоры (СИЗАК) авторлар мен композиторлар қоғамдарының халықаралық конфедерациясының ролі, бақылау органдары мен авторлар қоғамдары арасындағы қатынастар мен Орталық және Шығыс Еуропадағы жағдай жөнінде баяндады.
Ресей Авторлық қоғамының Директорлар Кеңесінің мүшесі, Сараптамалық талдау департаментінің директоры (СТД), РФ еңбек сіңірген заңгері, А.В. Туркин мырза Ресей Федерациясындағы авторлық құқықтың даму трендтерімен таныстырды.
«Ресейдегі авторлық құқық және мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару: қазіргі кездегі жағдай және практикалық мәселелер» тақырыбындағы баяндамамен Ресей зияткерлік меншік ұйымының өкілі, Вальдес-Мартинес мырза сөз сөйледі.
Екінші күні:
- Қайта шығару құқықтары жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының аға юрисконсульты, И. Рибакуа ханым «Репрографиялық қайта шығаруға мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару, қағидаттар, ролі, операцияның түрлі үлгілері» және «Жаңа сандық технологиялар: жаңа бизнес үлгілерін, сандықтау бойынша еуропалық жобалар құрудың жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері және кітапханаларға авторлық құқықты ұсыну» тақырыбында;
- SORECOP-COPIE Бас хатшысы, Ш.-А. Лоньон мырза «Қайта шығаруға дыбыстау- дыбыстау бейнелеу құқықтарын (жеке көшірме жасау) ұжымдық басқару: қағидаттар, ролі, операцияның түрлі үлгілері» тақырыбында;
- «Абырой» авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Бас директоры Б.Т. Айдарбеков мырза «Қазақстан Республикасындағы авторлардың құқықтарын ұжымдық басқарудың көкейкесті мәселелері» тақырыбында;
- «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Бас директоры Д.Ә. Әзімхан мырза «Сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару: мәселелері, келешегі» тақырыбында баяндама жасайды деп күтілуде.
Екі күндік семинар барысында авторлық құқық және ұжымдық басқару мәселелері, заманауи міндеттер және заңнамадағы соңғы өзгерістер, баспалық істе мәтіндік және бейне жұмыстарында құқықтарды басқару, дыбыстау-, дыбыстау бейнелеу туындыларын репрографиялық қайта шығару бойынша мәселелер қаралады.
Сандық технологияларының екпінді дамуын ескере отырып, кітапханалар үшін туындыларды сандық ортаға енгізу және оларды қол жетімді ету бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесі қарап, талқылау жоспарлануда.
ВОИС стала участником международного семинара «Коллективное управление авторским правом и смежными правами»
РСП стал участником международного семинара «Коллективное управление авторским правом и смежными правами»







Comments
Жаңа комментарий жазу