Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы



Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы орындаушылар, фонограмма өндірушілер және құқықтарын жекеше тәртіппен қорғау қиын болған сабақтас құқық иелерінің, сонымен бірге қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген сабақтас құқық нысандарын құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалануға, тек оған тиесілі сыйақы төленген жағдайда, құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын Республикалық қоғамдық бірлестік.

Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы республикалық қоғамдық бірлестігі орындаушылармен фонограмма өндірушілердің сабақтас құқықтарын басқару мен қорғау үшін ашылған коммерциялық емес қоғамдық бірлестік.

Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы еркін және теңдік мүшелік, демократиялық өзін-өзі басқару принциптерін негізге ала отырып әрекет жасайды. Біздің ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық жер аумағында Тіркеу қызметі комитетінде және Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркелген Жарғысының негізінде өз қызметін жүзеге асырады.

Біздің қоғаммен Б.Шукенов, Р.Рымбаева, М.Жунусова, «Мюзикола», А.Нурмаганбетова, «Метисс», «101», Макпал Исабекова, «Орда», Нурлан Абдуллин және басқалары сияқты 200-ден астам қазақстандық орындаушылармен фонограмма шығарушылар келісім шарт жасасты.

Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамының негізгі мақсаты – ұжымдық негізде құқықтарының қорғалуын, сабақтас құқық жүйелілігін қалыптастыра отырып осы салада ұжымдық мүдделер мен қоғамдық игіліктерге қол жеткізу болып табылады.

Жаңалықтар


    «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы», РҚБ-мен жасалған келісімшарттардың жоғалуына байланысты төменде көрсетілген құжаттардың тізімі жарамсыз деп танылады: П-149, П-168, П-170, П-171, П-172, П-173, П-174, П-175, П-176, П-177, П-178, П-179, П-180, П-181, П-182, П-183, П-184, П-185, П-186.


    Келісімшарттың бұзылуына байланысты №16 Жанаева А.Б. атына 31.08.2010 ж. берілген, № 24 Гвоздев С.А. атына, 22.11.2010 ж.берiлген №2 Адамбаев А.Е. атына 17.01.2011г.берілген сенімхаттар жарамсыз болып танылсын.

img1_0.jpg

2011 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ және Қазақстанның Интернет қауымдастығымен бірге « Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері » тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

2011 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті авторлық құқықтарын қорғау мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, Байланыс және ақпарат министрлігінің, «Фолиант» Баспасы» ЖШС, «Алматыкітап Баспасы» ЖШС, «Арман-ПВ» Баспасы» ЖШС, «Корпорация «Атамұра» ЖШС, «Издательство «Раритет» ЖШС, «Балалар әдебиеті» ЖШС, «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Казконтент» АҚ өкілдері қатысты.

2011 жылғы 31 наурызда құқықтарды ұжымдық басқару мәселесін талқылау жалғасын тапты.

Қайта шығару құқықтары жөніндегі ұйымдардың халықаралық федерациясының аға юрисконсульты, И. Рибакуа ханым өзінің баяндамасында репрографиялық қайта шығаруға мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару және жаңа сандық технологиялар: жаңа бизнес үлгілерін, сандықтау бойынша еуропалық жобалар құрудың жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері және кітапханаларға авторлық құқықты ұсыну мәселелеріне тоқтады.

2011 жылғы 30 наурызда Астана қаласында екі күндік «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбында халықаралық семинар өтуде.